Қырғызстанның бұрынғы сыртқы істер министрі Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшысы болып тағайындалды

БІШКЕК.    Желтоқсанның  3-і.   ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ -  Қырғызстанның   бұрынғы  сыртқы  істер министрі  Мұратбек  Иманәлиев  Шанхай ынтымақтастығы  ұйымының Бас хатшысы  болып тағайындалды.
None
None

Шанхай  ынтымақтастығы    ұйымының    құрамына кіретін  барлық мемлекеттердің  ресми өкілдері Мұратбек  Иманәлиевтің    кандидатурасын       бірауыздан мақұлдады.   Жаңадан   тағайындалған   бас хатшы   қызметіне 2010   жылдың  қаңтар айынан  кіріседі.

Мұратбек  Иманәлиев   1991-992 жылдары, 1997-2002 жылдары     Қырғыз Республикасының сыртқы  істер   министрі  болған,  1993-1996 жылдары    Қырғызстанның Қытайдағы елшісі  қызметін  атқарған,  1996-1997  жылдары - Қырғыз Республикасы  Президент Әкімшілігінің    халықаралық  бөлімінің меңгерушісі,  2004   жылы   «Жаңа бағыт»    қозғалысының  тең  құрылтайшысы  болып  қызмет еткен.   2005 жылы    Қоғамдық саясат институтының  президенті болып сайланған.  Ал  2009 жылдың қаңтар-қазан  айларының аралығында    Қырғыз  Республикасы  Президентінің  кеңесшісі  болып қызмет етті.

Соңғы жаңалықтар