Қырғызстанның зардап шеккен облыстарының балалары Қазақстанның балалар сауықтыру кешенінде демалады

АСТАНА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығы басталуына байланысты ШЫҰ-да Қырғызстанға көмек көрсетуге байланысты кешенді бағдарлама жасалуда.
None
None

Қазақстан, нақтырақ айтсақ, Қырғызстанның зардап шеккен Ош және Жалалабад облыстарының балаларын Ұйым елдерінің балалар лагерлері мен орталықтарында сауықтыра емдеу және демалтуды ұйымдастыру туралы өз ұсынысын енгізді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Осыған орай, қазақстандық тарап үстіміздегі жылғы шілденің екінші жартысынан бастап, Қырғызстанның жасы 10-нан 15-ке дейінгі 50 баласын қабылдап, Жамбыл облысындағы «Тау самалы» балалар сауықтыру кешенінде демалту туралы шешім қабылданды. Бұл жерде балалар емдеу қабылдап, демалып, жаңа оқу жылына қосымша күш жинап алуға мүмкіндік алмақ.

Аталмыш қадам Қазақстанның көрші бауырлас елге екіжақты және көпжақты негізде қолдау көрсету бағытында атқарылып жатқан шаралардың бірі ғана.

Соңғы жаңалықтар