22:15, 29 Шілде 2017 | GMT +5
Қырымда жүк тасымалдаушы кеме апатқа ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырым жағалауының жанындағы Севастополь маңында Anda жүк тасымалдаушы кемесі апатқа ұшырады. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

Бортта экипаждың тоғыз мүшесі - Сирия және Үндістан азаматтары болған.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, үш адам құтқарылды, қалған алтауының тағдыры анықталып жатыр», - деді агенттік. Ол жүк тасымалдаушы кеме бидай әкеле жатқан.
«Интерфакс» дереккөздері кеменің апатқа ұшырауына ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін екендігін айтады.
Кеме экипажы апат болған ауданда дауылды жел тұрып, нөсер жауын жауған.