Қытай біз үшін таусылмайтын тұтынушы - Үкімет басшысы К. Мәсімов

А. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ -«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Қытайға 1-2 млн. тонна астық тасымалдай алады. Бұл туралы Үкімет  отырысында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының президенті Асқар Мамин мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шыны керек, қазіргі кезде біздің Қытайға астық тасымалдау саласындағы әлеуетіміз төмендеу болып тұр. Оның орташа көрсеткіші - 1-2 млн. тонна», деді А. Мамин.

Осы орайда Үкімет басшысы өзінің орынбасары Өмірзақ Шөкеевке Қытайда өтетін арнайы кеңесте осы және басқа да мәселелерді жан-жақты талқылауды тапсырып, «Қытай біз үшін таусылмайтын тұтынушы. Сондықтан біз осы бағыттағы инфрақұрылымды барынша дамытуға тиіспіз», деді.

Соңғы жаңалықтар