Қытай-Қазақстан-Каспий-Кавказ-Түркия-Еуропа» контейнерлік пойызын реттейтін келісім бекітіледі
Конференцияға 20-дан астам елдің 300 өкілдері қатысады деп күтілуде. Олардың ішінде Еуропа, Азия, ТМД, Балтық елдері көлік ведомстволарының өкілдері, дипломаттық корпустардың басшылары, 15-ке жуық халықаралық және қаржы ұйымдарының өкілдері, 100-ге тарта шетел көлік компаниялары, сондай-ақ Қазақстанның 60-тан астам ірі компаниялары бар.
«Конференция алаңында «Қытай-Қазақстан-Каспий-Кавказ-Түркия-Еуропа» контейнерлік пойызының іске қосылуын реттейтін Silk Wind жобасы бойынша Қазақстан, Түркия, Әзербайжан және Грузия үкіметтері арасындағы Келісімге қол қойылады деп күтілуде»,-делінген ҚР ККМ мәліметінде.
Мұнымен қоса конференция шеңберінде ағымдағы жылдағы мамырдың 20-22 аралығында «Көрме» орталығында «Транзит Қазақстан-2014» Халықаралық көрмесі өтеді. Көрмеде Еуроазиялық аймақ көлік индустриясының соңғы жетістіктерінің таныстырылымы болады.
Айта кеткен жөн, «ТрансЕуразия-2014» халықаралық конференциясы 1997 жылдан бастап көлік инфрақұрылымы дамуының, еуразиялық бағыттағы транзиттік тасымал көлемінің өзгерістерін талқылаудың және транзитке арналған көлік пен логистика жүйелерін көрсету алаңына айналды.