Қытай Қазақстанды өзінің сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі ретінде таниды - ҚХР-дың Қазақстандағы Елшісі Ч.Ли
Ч.Ли өз сөзінде 2010 жыл Қытай Халық Республикасы үшін жеңіл болмағанын, мәселен, жылдың бірінші жартысы түрлі ірі табиғи апаттарға толы болғандығын атап өтті. Атап айтқанда олар, оңтүстік провинциядағы құрғақшылық, Цинхай провинциясындағы күшті зілзалалар, Ганьсу провинциясындағы лай көшкіндері.
«Бірақ үлкен қайғылар алдында Қытай үкіметі мен қытай халқы мойымай, табиғи апаттардың салдарын тиімді жою үшін барлық күш-жігерлерін салып, зардап салдарын барынша азайтты. Алдын ала статистика бойынша, Қытайдың экономикалық өсімі ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 11,1 пайызды құрады. Бұл - халық әл-ауқатының үздіксіз артуының және әлемдік экономиканың өсімін жандандырудың берік негізі. Қол жеткен жетістіктерге қарамастан, Қытай дамушы ел болып қала беретінін және ол ұзақ уақытқа жалғасатынын жақсы түсінеміз. Себебі, оның негізгі экономикалық көрсеткішінің бірі - жалпы ішкі өнімнің жан басына шаққандағы үлесі әлі қарапайым деңгейде қалып отыр. Сондықтан Қытайға дамудың әлі де қиын кезеңдерінен өту қажет екендігін айтуға болады», - деді ол.
Елші сондай-ақ, екі мемлекет арасындағы тарихи байланыстар мен өзара ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды.
«Қазақстан мен Қытайды ортақ таулар мен өзендер байланыстырады. Екі ел халықтарының достығының тарихы тереңде жатыр. Қытай Қазақстанды өзінің сыртқы саяси қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде біледі. ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао жарты жыл ішінде Қазақстанда екі мәрте сапармен болғаны соның айғақ дәлелі. Екі ел басшыларының жеке қамқорлығы мен көршілестігіміздің арқасында Қазақстан-Қытай стратегиялық серіктестігі қарқынды даму алды. Қазақстан мен Қытайдың өзара көпжоспарлы байланыстары сондай-ақ, қарқынды жылжу үстінде және елдер халықтарының достығы үздіксіз беки түсуде. Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының дамуына өзіндік үлестерін қосқандарға ризашылығымды білдіремін», - деп атап өтті Ч.Ли.
Өз кезегінде ҚР Сыртқы істер вице министрі Қайрат Сарыбай: «Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бірі біздің досымыз, әрі көршіміз болып табылатын Қытаймен жан-жақты қарым-қатынастарды дамыту болып табылады және біз оны барынша бағалаймыз. Елдер арасындағы сауда-экономикалық, энергетикалық саладағы инвестициялық ықпалдастық жемісті дамып келеді. Біз Шанхай ынтымақтастығы ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес сынды түрлі өңірлік ұйымдар шеңберінде ынтымақтасамыз. Біздің елдердің көптеген халықаралық проблемалар бойынша ұстанымдары ұқсас екендігі түсінікті», - деді.