Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қытай Қазақстанның маңызды сауда әріптесі болып табылады - Нұрсұлтан Назарбаев

ЖІҢ. 22 ақпан. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай іскерлік тобының өкілдерімен бірге жұмыс бабындағы таңғы асқа қатысуда.

Қытай Қазақстанның маңызды сауда әріптесі болып табылады - Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстан Президенті бастаған қазақстандық делегация мен Қытай іскерлік тобы өкілдерінің арасындағы кездесуді ҚХР Коммерция министрі Чэнь Дэмин ашты.

Өзінің алғы сөзінде ҚХР Мемлекеттік Кеңес Премьерінің орынбасары Ван Циньшань екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын нығайтып, жаңа белеске көтеретіндігін, «Қытай және Қазақстан кәсіпкерлері және бизнесмендері арасындағы ынтымақтастыққа жақсы жағдай жасау үшін Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің рөлі мен әл-ауқатын тығыз әрі белсенді түрде айқындауға дайын» екендігін атап өтті.

Өз сөзінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев стратегиялық әріптестік шарты негізінде біздің елдер арасындағы қарым-қатынас өте қарқынды дамып келе жатқандығына тоқталды. «Біз геостратегиялық жағдайға ғана ие емес, сонымен қатар Қазақстанның маңызды сауда әріптесі болып табылатын Қытай Халық Республикасымен арадағы қарым-қатынасымызға үлкен мән береміз. Біздің арамыздағы сауда-саттық 10 жыл ішінде 13 есеге артқан және де біз ҚХР-дің пост кеңестік кеңістіктегі Ресейден кейінгі екінші сауда әріптесі болып табыламыз», - деп атап өтті Елбасы.

«Менің сапарымның нәтижесі және ең басты жетістігі екі мәселенің, атап айтқанда ядролық энергетикадағы ынтымақтастық пен Астана мен Алматы арасындағы ұзындығы 1000 шақырымға жуық жылдамдығы жоғары темір жол құрылысының басталуы болады. Бұл ынтымақтастықтың жақсы бастамасы», - деп тұжырды Н.Назарбаев.