Қытай қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруде Қазақстанның қабылдап жатқан шараларын қолдайды - ҚХР СІМ
ЙЖІҢ. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қытай тарабы қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың мүлкі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, елде тұрақтылықты сақтау жөніндегі Қазақстанның қабылдап жатқан шараларын қолдайды.
Бұл туралы бүгін Бейжіңде кезекті баспасөз мәслихатында ҚХР СІМ ресми өкілі Лю Вэймин мәлім етті.
Қытайлық дипломаттың айтуынша, «Қытай Қазақстанның батысындағы оқиғаларға жіті назар аударуда және үкімет пен халық пайда болған проблемаларды реттей алады деген сенімін білдіреді».