Қытай Сыртқы істер министрі Шымкент түбінде болған апатқа байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ян Цзечи Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовқа көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Қазақстандық «Ан-72» көлік ұшағының апаты салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суық хабарды күйзеліспен қабыл алдым. Қытай Сыртқы істер министрлігінің атынан және жеке өз атымнан қайтыс болғандардың туысқандарына қайғырып көңіл айтамын», - делінген жеделхатта.