13:39, 14 Шілде 2016 | GMT +5
Қытай танкілері Новосібірге әкелінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 шілдеде таңғы электр пойызының жолаушылары Новосібір-Оңтүстік стансасында иероглифтері бар танктер мен БМП суретке түсіріп алды.
Фото әлеуметтік желілерде тез тарады.
Орталық әскери округтің баспасөз қызметінен хабарлағандай, әскери техника барлаушылар жарысына қатысу үшін Аспан асты елінен жеткізілген.
30 шілдеден Новосібір жоғары әскери командалық училищесінің оқу кешенінің базасында «Әскери барлау үздіктері» халықаралық байқауы басталады.
Жарыс 6 тамызға дейін жалғасады.
Қытайлық барлаушылар өздерінің әскери машиналарында өнер көрсетеді, деп жазды informing.ru.