Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қытай тарапының шақыруы бойынша Шығыс Қазақстан облысының делегациясы сауда үйінің ашылуына қатысуға аттанды

ӨСКЕМЕН.  Желтоқсанның  2-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Қытай  тарапының  шақыруы  бойынша   Шығыс Қазақстан  облысының  делегациясы сауда үйінің ашылуына    қатысуға аттанды. 

Қытай  тарапының  шақыруы  бойынша   Шығыс Қазақстан  облысының  делегациясы сауда үйінің ашылуына    қатысуға аттанды

Делегацияны  облыс әкімінің  орынбасары  Ермек Сәлімов  бастап  барды.

Осының алдында Өскеменге   қытайлық делегация: Шәуешек  қаласының мэрі  Жұмағазы,  Тарбағатай  округі әкімінің  орынбасары  Мәмеджан  Абыл  және Тарбағатай  округінің  жоғары  кернеулі стансысының бастығы Мұрат  Кәкен    келіп кеткен еді.

Қытайлық делегация  «Бақты» тексеру-өткізу бекетінде біркүндік визасыз  бекет  ашу   мәселесі  бойынша  аймақ  әкімшілігімен кездесті,    одан кейін өткен  баспасөз конференциясында   Шәуешек   өкіметі    Шығыс Қазақстан  делегациясын  сауда үйінің ашылуына  орай қонаққа    шақырды.