Қытай тәуелсіздік жылдарында біздің экономикамыз бен саясатымызда стратегиялық әріптесімізге айналды - Н. Назарбаев

БЕЙЖІҢ. 6 маусым. ҚазАқпарат -  Қытай тәуелсіздік жылдарында біздің экономикамыз бен саясатымызда стратегиялық әріптесімізге айналды.

Қытай тәуелсіздік жылдарында біздің экономикамыз бен саясатымызда стратегиялық әріптесімізге айналды -  Н. Назарбаев

Бұл туралы Қытай Халық Республикасында сапармен келген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық БАҚ-тарға арналған брифингте мәлім етті.

«Біз ШЫҰ мүше-мемлекеттері басшылары Кеңесінің кезекті отырысына қатысып отырмыз. Өзін жетекші бірлестік ретінде таныстыратын ұйым экономикалық және саяси үрдістерге ықпал ете алады. Қазақстан алғашқы күннен бастап ШЫҰ-ны қолдауда», - деді Н. Назарбаев.

«Тарихқа қайта көз жүгіртек болсақ, бәрі де Орталық Азия, Қытай және Ресей мемлекеттері арасында жасалған шекара жөнінде Келісімге қол қоюдан басталды. Сол уақытта біз төраға Цзян Цзэминмен бұл кездесулерді жалғастырып, оларды экономикалық әріптестікке айналдыруды ұсынған болатынбыз. Сол кезден бастап біз көптеген кездесулер және өткен жылы Астанада 10-шы мерейтойлық ШЫҰ кеңесін өткіздік. Ағымдағы жылы Қытай тарапы ұйымға төрағалық етуде», - деді Мемлекет басшысы.

 «Бүгін барлығы басшылықта (ҚХР) болуы мүмкін өзгертулер туралы жазып, айтуда. Осыған байланысты бүгінгі күні барлық басшылармен кедесулерді өткізу өте маңызды», - деп атап өтті Н. Назарбаев.

ҚР Президенті мәлім еткендей, осы жылдар ішінде Қытай біздің экономикамыз бен саясатымызда стратегиялық әріптеске айналды. Тек соңғы 10 жылда біздің елдеріміз арасында жасалған тауар айналымы 800 млн. доллардан 25 млрд. долларға дейін өсті. 15 млрд. доллар көлемінде қаражатты Қазақстанның экономикасына тартылған қытайлық инвестициялар құрайды. Олардың жартысы тікелей инвестициялар. Қиын дағдарыс жағдайында болғанда біздің компаниялар 10 млрд.доллар көлемінде Қытайдан қаржы алды. Бұл қомақты ақша және қолдау. Бүгінгі күні біз энергетикалық әріптестік туралы айтып отырмыз. Қытайлық компаниялар Қазақстанның мұнай секторына қатысуда.

«Өндірілген мұнайдың шамамен 20 пайызын біз Қытайға жібереміз, сатамыз», - деді Мемлекет басшысы.

"Қазіргі кезде әңгіме екінші кезең - жаңа технологиялар саласындағы индустриялық әріптестік, ірі көлік магистральдарын құру және  барлық ШЫҰ мүше-елдер үшін біріккен жоба жасау туралы сөз болуда.

Бүгін мен достық әрі сенімді қарым-қатынас орнаған төраға Ху Цзиньтаомен келіссөздер өткіздім. Оның орынбасары Си Цзиньпин мырзамен кездестім, ол да бұл бағытты толық қолдауда. Ол Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасын жоғары бағалап, бұл саясат әрі қарай жалғасын табатындығын атап өтті. Сондай-ақ бүгін мен Мемлекеттік кеңестің төрағасы Вэнь Цзябаомен кездесемін»,  - деді Елбасы.

Екі елдің энергетикалық әріптестігі туралы сөз қозғай келе, ҚР Президенті Қазақстаннан Қытайға қуатты мұнай өткізу құбырлары, қуаттылығы 40 млрд. текше метр газ өндіретін Азия-Қазақстан орталық газ өткізу құбыры салынғандығын атап өтті.

Болашақтағы екіжақты ірі жобалар туралы айта келе, Н. Назарбаев құны бірнеше млрд. доллар тұратын Атырау облысындағы мұнайхимиялық кешенді атап өтті. «Мен  жаңа Алматы-Астана автобаны және Алматы-Астана жүрдек жолаушылар пойызының құрылыс жайлы келіссөздер жүргізудемін. Қытай 1200 шақырымдық «Жезқазған-Бейнеу» темір жолының құрылысына қатысатын болады. Бұл ірі жобалар», - деп атап өтті Ұлт көшбасшысы.

«Жаңа технологиялар, баламалы энергетика, ақпараттық технологияларға атсалысу да бар. Бүгін Ху Цзиньтаомен қол қойған бірлескен Мәлімдемеде бұл кешенді мәселелер айқын көрініс тапты», - деді ҚР Президенті.