Қытай және Қазақстан мемлекеттiк қызметшiлердi оқыту бойынша келiсiмге қол қойды
Агенттiк төрағасы Қытай тарапын ҚР мемлекеттiк қызметiнiң жаңа моделiмен таныстырды.
Кездесудiң қорытындысында ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi мен Қытайдың адами ресурстар және әлеуметтiк қамсыздандыру министрлiгi арасында мемлекеттiк қызмет саласында ынтымақтастық жөнiндегi өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол қойды.
«Қытай делегациясы Қазақстанның мемлекеттiк қызмет саласындағы реформалармен, бiздiң агенттiктiң және өзге де құрылымдық бөлiмшелердiң жұмысымен танысуда. Қазақстанның бұл саладағы реформалары халықаралық сарапшылардың үлкен қызығушылығын туғызуда. Бұл меморандум екiжақты қарым-қатынасқа да және Астанадағы мемлекеттiк қызмет саласындағы аймақтық хаб аясында да көп салалы байланыстарды орнатуға мүмкiндiк бередi. Екi ел арасында мемлекеттiк қызметшiлердi оқыту, бiрлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу, тәлiмдеме мен тағылымдамадан өткiзу сынды реформалар жалғасады», - деп атап өттi Ә. Бәйменов қол қою рәсiмiнде.
Оның айтуынша, жалпы келiсiм бес бағыттағы әрiптестiктi орнатуды көздейдi. Олардың қатарында өзара тәжiрибе алмасу, бiрлескен iс-шаралар өткiзiп, мемлекеттiк қызметкерлерге кәсiби бiлiм беру мәселелерi қамтылған.
Агенттiк басшысының айтуынша, мұндай әрiптестiк тек Қытай елiмен ғана емес, Еуроодақ, АҚШ, Корея, Түркия, Жапония, Ресей мемлекеттерiмен қарым-қатынас өте тығыз орнаған. Сонымен қатар ол бұл қадамдар Астанада Орталық Азияның мемлекеттiк қызмет хабын құрудағы мүддесiне сай келетiндiгiн атап өттi.