Қытайда рельссіз жүретін трамвай жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жуырда Қытайдың CRRC тасымалдаушы компаниясы автобус, трамвай және өздігінен басқарылатын автокөліктің артықшылықтары топтастырылған қоғамдық көлік ойлап тапты, деп хабарлайды xinhuanet.com .
None
None

Аталған тасымалдаушы көлік автобус тәрізді рельсті қажет етпейді, трамвай секілді қосымша вагондарды тіркей алады, ал өздігінен басқарылатын автокөлік тәрізді оған жүргізушінің қажеті жоқ. Көлік қала ішінде арнайы жасалған бағыт бойынша жүреді.

Оған 300-ден артық жолаушы сияды. Ең жоғарғы жылдамдығы сағатына 70 км.

Бұл шешім метро немесе трамвай жолдарын төсегеннен әлдеқайда арзанға түседі. Орта және шағын қытай қалалары үшін теңдессіз әдіс болуы мүмкін деп есептейді CRRC компаниясының бас инженері. Мұндай көлікке арналған 6,5 км жол Чжучжоу қаласында салынып, 2018 жылы пайдалануға берілмекші.

Соңғы жаңалықтар