Қытайда ШЫҰ қатысушы елдерінің «Бейбіт мақсат-2014» бірлескен лаңкестікке қарсы жаттығулары басталды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) қатысушы елдер қарулы күштерінің «Бейбіт мақсат-2014» бірлескен лаңкестікке қарсы жаттығулары басталды.
None
None

Оқу жаттығулары 24-27 тамыз аралығында Чжужихэдегі полигонда (Ішкі Монғолия автономиялық округі) өтуде. Оған Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстаннан 7 мыңнан астам әскерилер қатысады.

Бұл ШЫҰ ұйымдастырған ең көлемді жаттығулар болады деп күтілуде. Онда түрлі әскер түрлері, авиация, Әуе қорғанысы және радиоэлектрондық күрес күштері қатыстырылады.

Қазақстанның қарулы күштері Аэроұтқыр әскерлер батальонының 300 десенттық-шабуылдаушы жауынгерлерін таныстырады. Сондай-ақ, жаттығуларға қазақстандық 10 гаубица, 20 БТР және 40 әскери КамАЗдар қатысады. Сонымен қатар, әуе қорғанысының АН-72, Си-295 және төрт бірдей Су-27 ұшақтары жіберілді.

Оқу жаттығуларының мақсаты - мүше-мемлекеттердің лаңкестікке, экстремизм және сепаратизмге қарсы іс-қимылын үйлестіру жұмысын одан әрі дамыту. «Бейбіт мақсат» атты көптараптық оқу-жаттығу шаралары 2007 жылдан бері өткізіліп келеді.

Айта кетейік, «Бейбіт мақсат-2010» жаттығулары 2010 жылы қыркүйек айында Жамбыл облысындағы Мәтібұлақ полигонында өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар