Қытайда сотталған 7 қазақстандық елімізге қайтарылады - И. Меркель

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпан айында Қытайда сотталған жеті қазақстандық азамат елімізге қайтарылмақ. Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында ҚР Бас прокурорының орынбасары Иоган Меркель мәлім етті.

Қытайда сотталған 7 қазақстандық елімізге қайтарылады  - И. Меркель

«Менің білуімше, Қытайда 24 адам (қазақстандық ред.) сотталған. Дегенмен, біз қазірге дейін өзімізде өтеу үшін 5 адамды қайтардық, қазіргі күні 7 азаматты қайтару жұмыстары жүргізілуде», - деді Бас прокурордың орынбасары журналистер сұрағына жауап бере келіп.

Оның айтуынша, ақпан айында берілетін 7 қазақстандық азаматтың ішінде 6-ы есірткі қылмысы бойынша жазаға кесілгендер.

Еске сала кетейік, жалпы отырыста Қазақстан мен Үндістан арасындағы сотталғандарды өзара беру туралы келісім қабылданған болатын.