Қытайда стюардесса ұшақтан құлап, бел омыртқасын сындырып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Xiamen Air әуекомпаниясының стюардессасы халықаралық  Чжэнчжоу (Хэнань провинциясы) әуежайында ұшақтан құлап кетті.

 Қытайда стюардесса ұшақтан құлап, бел омыртқасын сындырып алды

Ол бортқа жолаушыларға арналған тағамдарды қабылдап жатқан кезде лайнердің есігі мен фюзеляждың арасында пайда болған саңылауға құлап кеткен. 

Әйел біршама уақыт  қолдарымен есік жақтауынан  ұстап тұруға әрекеттенген, бірақ ұзаққа шыдай алмаған.  

3 метр биіктіктен құлаған стюардесса бел омыртқасын сындырып алды.

Оған ауруханада шұғыл ота жасалды, деп хабарлайды The Daily Mail.