Қытайдағы қазақстандық дипломат жұмыс бабындағы күрделі мәселелер туралы айтып берді

БЕЙЖІҢ ҚазАқпарат - ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылындағы Қазақстан-Қытай қатынастары мен Қытайдағы Қазақстан дипломатиясының қыр-сыры жөнінде «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанның Қытайдағы Төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев айтып берді.

Қытайдағы қазақстандық дипломат жұмыс бабындағы күрделі мәселелер туралы айтып берді

«Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылында Қытаймен қарым-қатынас жалпысалалық стратегиялық әріптестік деңгейіне жеткізілді. Ең маңызды жетістіктердің бірі ретінде мен Қазақстанның ядролық қарудан бас тартып, шекара мәселесі мен трансшекаралық өзендер проблемасын шешу бойынша жүргізілген жоспарлы келіссөздерден соң ҚХР тарапынан елімізге қатысты берілген қауіпсіздік жөніндегі кепілдікті атар едім. Су мәселесіне келгенде Қытай дәл осындай жұмыстарды ешбір шекаралас мемлекетпен жүргізген емес. Қазіргі таңда трансшекаралық өзендердің суын бөлу мәселесі келісілуде»,-деді ол.

Дипломат сонымен қатар, Қазақстан мен Қытайдың экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының әсіресе әлемдік экономикадағы дағдарысты жағдайда ерекше маңыздылығын атап өтті.

«Қытайдың елеулі экономикалық әлеуеті бар. «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының қытайлық бастамамен түйіндесуі арқылы өз дамуында жаңа жетістіктерге жетуі үшін Қазақстанда Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» стратегиясын қолдану мүмкіндігі бар (...) Қазіргі кезеңде аграрлық сектор екі елдің өзара ынтымақтастығындағы өте маңызды және белсенді дамып келе жатқан және осы салаға қытайлық инвестицияларды тартып, Қазақстанның азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерін ҚХР-ға кең ауқымда экспортталуын қамтамасыз ететін бағыт. Индустрия саласындағы Қытаймен ынтымақтастық бағдарламасын - жалпы құны 26 млрд. доллар болатын 50-ден астам жобаны жүзеге асыру арқылы елімізге үлкен мүмкіндіктер ашылады», - деді Нұрышев.

Ол Кеңес Одағы ыдыраған соң, жас әрі тәуелсіз Қазақстанның Қытайдағы алғашқы елшісі Мұрат Әуезовтың Бейжіңдегі алғашқы ресми шараға барғанын еске алды. Алайда мұндай жағдайға қажетті флагшток бізде жоқ болатын. Сол себепті қалыптасқан мәселені былайша шештік: «жас дипломаттардың бірі - атташе Мансұр көліктің алдындағы жолаушылар отыратын орындығына жайғасып, Қазақстанның шағындау жалаушасын алып, терезеден қолын шығарып отырды.

ҚР ҚХР-мен қарым-қатынастарының енді қалыптаса бастаған кезінде болған тағы бір жағдай Қытайдың шенеуніктер рангымен байланысты.

«Қытай тарапы бізге Қазақстанның осы елдегі бірінші елшісінен сенім грамотасын ҚХР-дің сыртқы істер министрінің көмекшісі алады деп хабарлаған болатын. Бұл тәуелсіз, дербес Қазақстанның дипломатиялық өкілдігі жетекшісінің наразылығын тудырды, әрине. Алайда, біздің жетекшімізге ҚХР СІМ шенеуніктер аппаратының ерекшеліктері түсіндірілген соң басшымыз кездесуге келісті. Қорыта айқанда, Қытайда Қазақстан мен әлемнің өзге де елдеріне қарағанда, Сыртқы істер министрінің кеңесшісі тек хатшы ғана емес, заң бойынша ол сонымен қатар Сыртқы істер министрі орынбасарының лауазымына теңестірілген»,-деп бөлісті өзінің ойларымен елші.

1989 жылы Ш.Нұрышев С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың шығыстану факультетіне түсті. 1991-1995 жылдары ол КСРО азаматы ретінде Бейжің тілдер университетінде оқыды. Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдары ол Қытайда болды. ҚХР-дағы тұңғыш ҚР елшісі М.Әуезов Бейжіңге келген соң, Шахрат Нұрышев Тәуелсіз Қазақстан елшілігіне жарты айлыққа комендант болып (өткізу режимдерін қадағалау мен телефон қоңырауларына жауап беру) жұмысқа орналасты.

«Еліміздің Тәуелсіздігінің арқасында мен КСРО мен Қазақстанның қарапайым студентінен, ҚХР-дағы ҚР елшілігінің қатардағы комендантынан Қазақстанның Қытайдағы Төтенше және өкілетті елшісіне дейін қызмет еттім. Маған Мемлекет басшысы тарапынан үлкен сенім артылғанын түсінемін және халықаралық аренада еліміздің мүддесін қорғау үшін бар күшімді салуға дайынмын», - деді дипломат.