10:54, 26 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қытайдың әскери оқу орындарында қазақстандық әскери қызметкерлерді әзірлеу жоспарына қол қою туралы мәселе шешілді
АСТАНА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат – Қазақстанның Қорғаныс министрлігі өкілдерінің жақында Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің жанындағы әскери атташесі аға полковник Цзинь Чжицянмен болған кездесуі барысында Қытайдың әскери оқу орындарында қазақстандық әскери қызметкерлерді әзірлеу жөніндегі жоспарға қол қою туралы мәселе шешілді.

ҚазАқпаратқа бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Әскери білім саласындағы ынтымақтастықтың 2009-2010 жылдарға арналған перспективасын талқылаған тараптар, Қытайдың әскери оқу орындарында Қазақстанның әскери қызметкерлерінің былтырғы дайындықтарының қорытындысын шығарды. Қазақстанның Қарулы күштер құрылымында кадрларды шетелдерді дайындау мәселелерімен айналысатын арнайы басқарма бар. Сол бөлімшені басқаратын полковник Игорь Мұхамедов, Қазақстан мен Қытайдың әскери білім саласындағы ынтымақтастығының жетістіктерін қанағаттанарлықпен атап өтті. 2003 жылдан бері Қытайдың әскери оқу орындарында 60-тан астам қазақстандық әскери курстық оқудан өткен, олардың тең жартысы - былтыр оқығандар.