Қытайдың әскери-өнеркәсіп кешені компаниялары Қазақстанның әскери өнімдерін сатып алуға қызығушылық танытуда - Ә.Жақсыбеков

ҚКП Орталық әскери комитеті төрағасының орынбасары Фань Чанлунмен кездесуі барысында ол ағымдағы сапар аясында қазақстандық делегацияның Қытайдың әскери-өнеркәсіп компанияларының басшыларымен кездескенін, онда өте жақсы байланыстар орнатылғаны жөнінде хабарлады.
«Жақын арада қазақстандық әскердің қорғаныс қабілетін арттыратын және екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған жақсы келісімдерге қол қойылатынына үміттенеміз. Бұл біздің әскеріміз бен Қытайдың қорғаныстық-өнеркәсіп кешені арасында іске асырылатын алғашқы жобалар болады», - деп атап өтті Ә.Жақсыбеков.
Одан кейін министр жуырда Қазақстанда бірлескен қазақстан-қытайлық кәсіпорындар жұмыс істейтініне үміттенетінін айтып кетті.
Ә.Жақсыбековтің ҚХР Ұлттық қорғаныс министрі Лян Гуанлемен кездесуінің барысында тараптар бірлескен оқулар мен әскери кадрларды даярлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелерін талқылады.