Қытайдың халықаралық қатынастарды зерттеу институты директорының орынбасары Мәжіліске келеді
АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Ертең, сәуірдің 10-ы күні ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжанов Қытай Халық Республикасының Қазіргі заманғы халықаралық қатынастарды зерттеу институты директорының орынбасары Цзи Чжиемен қытай тарапының өтінішіне сәйкес кездесу өткізеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Тараптар кездесу барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық байланыс, халықаралық мәселелер жөнінде ой бөліседі деп күтілуде.