Қытайдың Инин қаласындағы Іле педагогикалық университетінің жанынан Абайтану орталығы ашылмақ

АЛМАТЫ. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде қазақ-қытай ғылыми-мәдени және инновациялық дамудың білім беру орталығы ашылады. Бұл шара кезінде Абай атындағы ҚазҰПУ мен Қытайдың Іле педагогикалық университеті арасында Инин қаласындағы Іле педагогикалық университетінің жанынан Абайтану орталығын және Абай атындағы ҚазҰПУ-дегі Инновациялық даму орталығында қазақ-қытай ғылыми-мәдени және білім беру орталығын ашу туралы келісімге қол қойылады деп жоспарлануда.
None
None

«Қазақ-қытай ғылыми-мәдени және инновациялық дамудың білім беру орталығының ашылуына Қазақстандағы Қытай консулдығының өкілі Ван Жуй, Іле педагогикалық институтының проректоры Жанар Аханқызы және басқа да құрметті меймандар қатысады. Ал Қытайда жаңадан ашылатын Абайтану орталығының мақсаты ұлы қазақ ойшылы Абай Құнанбаевтың мәдени мұрасын насихаттау және білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуда Қытай Халық Республикасымен екіжақты қарым-қатынастарды нығайту», - дейді университеттің баспасөз қызметінің бас маманы Әлия Асмағұлова.

Соңғы жаңалықтар