Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қытайлық инвесторлар Қазақстанда метанды сұйыту зауытын салуды ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық инвесторлар Қазақстанда метанды сұйыту зауытын салуды ұсынды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры Әсет Мағауов мәлім етті.

Қытайлық инвесторлар Қазақстанда метанды сұйыту зауытын салуды ұсынды

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстандағы газдың негізгі көлемі ілеспе түрінде кездеседі, сондай-ақ өткен жылдарда оған аса көңіл бөлінбейтін. Мұнымен қоса, бұрындары тасымалдау мүмкіндіктеріне байланысты газды тұтыну шектеулі болған еді.

«Алайда технологиялардың дамуы жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Егер бұрындары метанды сұйылту бойынша технологиялар тек теңіздегі тасымалдау дәліздерінде пайдаланылса, қазіргі кезде шағын зауыттардың құрылысын салу жеткілікті. Осы орайда оның экономикалық негізделген тасымалын қамтамасыз етіп, елді мекендерге жеткізуге болады. Бұл тұрғыда метанды сұйылту зауытының құрылысын қытайлық инвесторлар ұсынып отыр. Енді техникалық және экономикалық шаралар қарастырылуда», - деді ол.