Қытайлық компаниялар Қазақстанның шикізаттық емес секторын дамытуға мүдделі

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайлық компаниялар Қазақстанның шикізаттық емес секторын дамыту бойынша бірлескен жобаларға қатысуға мүдделілік танытты. Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығының «Қытайдың машиналық-техникалық және электрондық өнім импорты мен экспорты жөніндегі сауда палатасының» (СССМЕ) басшылығымен ҚХР іскерлік орта өкілдерімен кездесуінің нәтижесі осындай болды.
None
None

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары Дәурен Ердебайдың айтуынша, қор қазақстандық-қытайлық басым инвестициялық жобаларды айқындау мен оларды одан әрі іске асыру мәселесі бойынша барынша қайтарымды қамтамасыз етуге бағытталды.

Сапар аясында «KEGOC» АҚ, «Бірлескен химиялық компания» ЖШС, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Тау-Кен Самұрық» АҚ-мен бірқатар тақырыпты талқылаған кездесулер өтті. Ынтымақтастықтың басым шикізаттық емес салаларындағы қолданыстағы және әлеуетті жобалар, оның ішінде химиялық, тау-кен, энергияның баламалы көздері, қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу мәселелері талқыланды.

Қытай тарапы ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы келісімге қол қою, екі мемлекеттің жетекші банктік құрылымдарын тарта отырып әріптестіктің басым салаларында салалық жұмыс топтарын және жобаларды іске асыру, ғылыми-техникалық ынтымақтастық және ақпараттар алмасу мақсатында жүйелі негізде өзара іс-әрекетте болу үшін платформа құру бастамасын ұсынды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум