Қызылорда: Қ.Көшербаев мұғалімдерді мерекелерімен құттықтады

ҚЫЗЫЛОРДА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Ұстаздар күніне арналған салтанатты жиын облыстық әкімдіктің мәжіліс залында өтті. Онда сөз алған аймақ басшысы мұғалімдер қауымын төл мерекелерімен құттықтай келіп, оларға шығармашылық табыс, отбасында бақыт тіледі. Қ.Көшербаев сонымен қатар мұғалімдерге жас ұрпақты тәрбиелеудегі теңдессіз еңбектері үшін алғыс сезімін жеткізді.

«Бүгінде Қызылорда облысы республикадағы ең бір ырғақты дамып келе жатқан, соның ішінде білім саласы да өркендеу жолына түскен аймақтардың біріне жатады, - деді Қырымбек Елеуұлы. - Мұнда басты рольді сіздер атқарып отырсыздар, құрметті ұстаздар! Бұған еліміздің интеллектуалды капиталы құнын ұдайы айтып отыратын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та орасан зор мән бері келеді. Бұл капиталдың жақын аралықтағы құрамдас бөлігі болу сіздерге жазылған. Біз қазір жаңа технолоиялар ғасырында өмір сүріп отырмыз, сондықтан мұғалім өз жұмысында инновацияны, әр түрлі жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, уақытпен үндес жүре білуі керек, өзі беретін сабақ материалдарын жеткілікті меңгеруі тиіс. Бүгінгі жарқын мереке күні мен сіздердің барлығыңызға мықты денсаулық, ізгілік пен игілік және еліміздің даңқын шығаратын талантты да мақсаткер шәкірттеріңіздің көп болуын тілеймін».

Үстіміздегі жылы Қызылорда облысында 14 мектеп мен 20 балалар бақшасы пайдалануға берілді. Аймақта апатты қалыпта тұрған және үш ауысымда сабақ оқытатын мектептер саны біртіндеп азайып келеді. Аймақ басшысы өзінің сөзінде алдағы екі жылдың көлемінде бұл проблемаларды шешудің жоспары жасалып жатқанын жеткізді. Әкімнің тағы бір қызықты шешімімен облыста дарынды балалардың орталығы ашылды. К.Көшербаевтың айтуынша, Қазалы және Жаңақорған аудандары мен облыс орталығында жаңа нысандар салу көзделіп отыр. Биылғы оқу жылы әкімнің 120 гранты бөлінді. Келешекте оның саны 300-ге жетпекші.

Салтанатты жиын барысында білім беру жүйесіне қосқан үздіксіз үлестері үшін көптеген мұғалімдерге дипломдар, облыс әкімінің алғыс хаты мен бағалы сыйлықтары табыс етілді. Мұғалімдер атынан Ш.Байділдаева сөйлеп, көрсетіліп жатқан құрмет үшін облыс басшысына алғыс айтты.

Соңғы жаңалықтар