Қызылорда қаласын жаңажылдық безендіруге 17 млн. теңге жұмсалады

АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласын жаңажылдық безендіруге 17 млн. теңге жұмсалады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қызылорда қаласын жаңажылдық безендіруге 17 млн. теңге жұмсалады

Қызылордада екі жасанды шырша қойылады. Олардың біреуін орталық алаңға, екіншісін №3 емхана жаққа қою жоспарланған. Алайда қар аралас жаңбыр мен қатты жел жаңажылдық безендіру жұмыстарын қиындатып отыр. Сондай-ақ, Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекелері қарсаңында қала көшелеріне электрлі әшекей гүл тізбектері ілініп жатыр.

Ал шырша шамы 19 желтоқсанда жағылып, Ескі Жаңа жылға дейін тұратын болады.