Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қызылорда қаласына қарасты елді мекенде жаңа мектеп пайдалануға берілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында жүріп жатқан «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына - 20 әлеуметтік нысан» мәдени-көпшілік шарасы аясында кеше облыс орталығына әкімшілік-аумақтық бағыныстағы Қарауылтөбе ауылында 250 орындық №179 жаңа орта мектеп ғимараты пайдалануға берілді.

Қызылорда қаласына қарасты елді мекенде жаңа мектеп  пайдалануға берілді

Оның құрылысы үшін облыстық бюджеттен 40222 мың теңге бөлінді. Ал құрылыс жұмыстарын түріктің «Бушра» фирмасы жүргізді.

Жаңа мектеп үйі қазіргі заманғы талаптарға толық жауап береді.