Қызылорда қаласында екі жылда 53 көпқабатты үй қайта жаңғыртуға қойылды

ҚЫЗЫЛОРДА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында екі жылда 53 көпқабатты тұрғын үй қайта жаңғыртудан өтуде. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Қазірге дейін аталмыш 53 көпқабатты тұрғын үйдің 32-інде жұмыс толық аяқталған болса, қалған 21-інде әл жұмыстар жүріп жатыр. Олар биылғы жылдың соңына дейін бітеді деп жоспарланған.

Бүгін қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысып, шағын ауданындағы № 4 үйдің тұрғындарымен кездесті. Бұл үйде жаңғырту жұмыстарын тұрғындардың қалауы бойынша «АлмаДент» ЖШС жүргізуде. Серіктестік бүгінде күрделі жөндеу жұмыстарын 65 пайызға орындаған.

Үйдің ішкі дәліз және өжіредегі жұмыстарының бітпегенін көрген қала әкімі мердігер мекеме басшысына 20 күннің ішінде өжірені құрғатуды тапсырды, атқарылған жұмыстардың нәтижесін 1 айдан кейін өзі көретіндігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар