Қызылорда қаласында сегіз жасар қыз суға кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында 2005 жылы туған қыз арна суына кетті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда қаласында сегіз жасар қыз суға кетті

Оқиға қаланың терістік бетіндегі арнада 2 маусым күні орын алған. Сағат 12-30 шамасында 8 жасар Ділназ Андақұлова суда жүрген жерінен жағаға қайтып шыға алмай қалған. Оның мәйітін жергілікті тұрғындар тапқан.

Оқиға орнына Қызылорда облысы ТЖД-нен 3 адам, 1 техника, СҚҚ құрамында 5 адам 1 бірлік техника, ІІД-інен 3 адам, 1 техника шықты.