Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қызылорда қаласының барлық мектептерінде сабақ уақытша тоқтатылды

ҚЫЗЫЛОРДА. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Бүгін ауа райының күрт суытуына байланысты Қызылорда қаласындағы барлық мектептерде сабақ жүргізу тоқтатылды.

Қызылорда қаласының барлық мектептерінде сабақ уақытша тоқтатылды

Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі күндері Сыр өңіріндегі көптен бері болмаған суық орын алып тұр. Соңғы апталарда қар көлемі де орташа мөлшерден әлдеқайда асып түсті. Ал білім мекемелерінің уақытша жабылуына ақпан айының 3-5-сі аралығындағы ауа температурасының 23-33 градусқа дейін төмендеуі себеп болды.