Қызылорда қаласының маңында орын алған жол апатынан 5 адам қаза болды
ҚЫЗЫЛОРДА. 8 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Үстіміздегі жылғы 6 қараша күні кешкі 18 сағат 38 минутта Қызылорда қаласынан 18 шақырым жердегі Талсуат елді мекені тұсында орын алған жол апаты 5 адамның өмірін қиып кетті.
Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Айгүл Нұрманованың хабарлауынша, осы жерде «Опель-Вектра» және «Ауди-80» маркалы екі жеңіл көлік бір-бірімен бетпе-бет соғылысқан. Оқиға болған жерде екі көліктегі 5 адам бірден тіл тартпай кетсе, тағы 3 жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.