Қызылорда қаласының жолдарын жөндеуге 4 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалды

ҚЫЗЫЛОРДА. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ -  Қызылорда қаласының жолдарын жөндеуге үстіміздегі жылы республикалық және облыстық бюджет есебінен 4 млрд. 300 млн. теңге қаржы жұмсалды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның ішінде 1 млрд. 263 млн. 600 мың теңге «Жол картасы» бойынша қаралып, қалада биыл жөндеуді қажет ететін 108 көше анықталған еді. Жоспарға сай 14 көшеге күрделі жөндеу жүргізіліп, 1 млрд. 931 млн. 359 мың теңге игерілді. Сондай-ақ 72 көшеге орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Қаланың шет аймақтарындағы жалпы ұзындығы 11 шақырым болатын 22 көшеге тас төселді. Оған 115 млн. 300 мың теңге жұмсалды. Аталған жұмыстарға 15 жол-құрылыс мекемелері жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар