Қызылорда облыстық «Ару-Ана» қоғамдық бірлестігі «Сәлем, мектебім» атты акция өткізді
ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық «Ару-Ана» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Сәлем, мектебім» деп аталатын акция болып өтті.
Республикалық «Мектепке жол» акциясының шеңберінде өткен бұл шара барысында бірлестік Ауған соғысына Семей полигонына және Чернобыль апатына қатысушылардың жесірлері өсіріп отырған балаларға сый-сияпаттар жасады.