Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы тағайындалды

Мырзалиев Дархан Жарылқағанұлы 1976 жылы 20 қазанда Қызылорда облысы Қазалы ауданында туған. Талдықорған заң институтын «заңгер» (1998 ж.), Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ін «мемлекеттік және жергілікті басқару» (2007 ж.) мамандығы бойынша бітірген.
1994-1995 жылдары - Мәскеу аудандық халықтық сотының сот орындаушысы (Алматы қ.);
1995-2001 жылдары - Қызылорда облыстық әділет басқармасының заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысының орынбасары (Қызылорда қ.);
2001 жылы - Қызылорда облыстық сотының бас маманы - сот мәжілісінің хатшысы (Қызылорда қ.);
2001-2004 жылдары - Қызылорда облыстық соттар әкімшілігінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің, кадр, құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің, соттардың қызметін ұйымдастыру бөлімінің басшысы (Қызылорда қ.);
2004-2007 жылдары - «Империя B.R.A.G» ЖШС-нің, ЖК «Ахметов Н.С»-нің, «АБК Инжиниринг» ЖШС-нің заңгері ();
2007-2008 жылдары - ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің бас сарапшысы, бөлім басшысы, басқарма бастығы (Астана қ.);
2009-2013 жылдары - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Әкімшілік қамтамасыз ету басқармасының бастығы (Астана қ.);
2013 жылы «Қазконтент» АҚ-ның бас маманы (Астана қ.);
2013 жылдың қараша айынан Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының құқық саласы бойынша орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды (Қызылорда қ.).