Қызылорда облыстық құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Сержан Қасқырұлы Нәметша 1952 жылы 10 қазанда Қызылорда облысы Қармақшы ауданында туған. Жоғары білімді. Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын бітірген. Мамандығы - өндірістік-азаматтық құрылыс инженері.
Еңбек жолын 1970 жылы Жосалы кентіндегі астық қабылдау пунктінде жұмысшы болып бастаған. Соңғы жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, облыстық құрылыс басқармасының бастығы, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы, облыстың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының бастығы, облыстық жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы болған. Аталған лауазымдардың барлығын дерлік екі қайтара атқарып шыққан.
2013 жылдың ақпан айынан жаңа тағайындауға дейін облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып келген.