Қызылорда облыстық прокуратурасы жыл басынан бері 20 мыңнан астам заң бұзушылықтың жолын кесті
ҚЫЗЫЛОРДА. 16 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық прокуратура органдары биылғы жылдың 9 айында 20 мыңнан астам заң бұзушылықтың жолдарын кесті.
Осы аралықта олардың тарапынан 900-дей ұсыныс пен наразылық енгізіліп, 1269 заңға қайшы кесімдер бұзылып, өзгертілді. Сол сияқты 1800-ден астам адам тәртіптік, әкімшілік және материалдық жауапкершілікке тартылса, қозғалған 12 қылмыстық істің 9-ы сотқа жолданды.
Прокурорлық қадағалау нәтижесінде мемлекет кірісіне 1 млрд. 495 млн. 783 мың 709 теңге қаржы өндірілді. Сондай-ақ 14 835 тұлғаның еңбек, оған ақы төлеу, денсаулығын қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру, басқа да құқықтары қалпына келтірілді.