Қызылорда облыстық прокуратурасы жыл басынан бері есептен жасырылған 126 қылмысты анықтады
ҚЫЗЫЛОРДА. 8 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық прокуратурасы ағымдағы жылдың басынан бері қылмысты қудалау органдары есептен жасырған 126 қылмысты анықтады, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Сая Темірбекова.
Олардың 52-сі сотқа жолданып, 15-і ақталмайтын негіздермен өндірістен қысқартылған. Есептен жасырылған қылмыстардың 122-сі, яғни 96,8 пайызы ішкі істер органдарының, 4-eуі, яғни 3,2 пайызы қаржы полициясының үлестеріне тиеді.