11:32, 04 Қазан 2013 | GMT +5
Қызылорда облыстық соты судьяларға арналған семинар сабақ өткізді
ҚЫЗЫЛОРДА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық сотында облыстық соттың және облыс орталығында орналасқан басқа да соттар судьяларының қатысуымен семинар сабағы өтті. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

Семинар сабағын облыстық соттың оқу орталығының үйлестірушісі судья Алмат Ерманов бастап берді. Мұнан соң Қызылорда қалалық сотының судьясы К.Садуақасова «Істерді ерекше іс жүргізу және ерекше талап қою тәртібімен іс жүргізу», облыстық соттың судьясы Н.Бесбаева «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау санатындағы істерді қарау тәжірибесі» туралы баяндамалар жасады. Облыстық соттың судьясы А.Ерманов «Азаматтық істер бойынша тағайындалған сараптамалардың тәртібі мен мерзімдеріне және сараптама тағайындау тәжірибесі» туралы, ал қалалық соттың судьясы Г.Мырзатаева «ҚР соттарының сот актілерін рәсімдеу жөніндегі әдістемелік ұсынымы мен неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы заңнаманың сот тәжірибесінде қолдануы жайлы» сөз етті. Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы К.Т.Өтепов «Сот шешімі туралы ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы, сот шығындары мен іс жүргізуге байланысты шығындарды өндіру» тақырыбында ой бөлісті. Семинар аясында осы тақырыпта Қызылорда қалалық сотының судьясы С.Ә.Әбдіқанов баяндама оқыды. Қосымша баяндамашы ретінде Қызылорда облыстық сотының судьясы М.М.Ахметов «Медиация Заңы» туралы баяндамасымен көпшілікті таныстырды.