Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі тағайындалды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы әкімінің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша кеңесшісі болып Шмарина Елена Вячеславовна тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Елена Вячеславовна 1975 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын - экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Қызылорда қалалық экономика бөлімінің маманы ретінде бастаған. 1998-2007 жылдары - қалалық экономика бөлімінің аға маманы, облыс әкімі орынбасарының аға референті, жетекші маманы, бас маманы, бас инспекторы. 2007-2008 жылдары - облыс әкімі аппаратының экономикалық талдау және аймақтық даму бағдарламалар мониторингі бөлімінің бас инспекторы, бөлім меңгерушісі. 2008-2015 жылдары - Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінде бас инспектор, әлеуметтік-экономикалық және талдау секторларының меңгерушісі, облысы әкімі орынбасарының көмекшісі қызметтерін атқарған.

Соңғы жаңалықтар