Қызылорда облысы бойынша сайлау барысын 345 байқаушы қадағалайды

Бұл туралы бүгін бірлестіктің облыс бойынша филиалының төрайымы болып сайланған Мария Жомартқызы «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте хабарлады. - Комиссияның мақсаты - сайлау барысының заңға сәйкес, талаптарға сай жүргізілуін бақылау. Сондай-ақ үгіт-насихат жұмыстарының жүргізілу тәртібі мен ережелерінің сақталуын қадағалайды. Осы жұмыстарды жүзеге асыру үшін облыс бойынша 345 ерікті байқаушылар тіркелді. Олардың ішінде ұстаздар, зиялы қауым өкілдері, зейнеткерлер де бар. Олар бүгінде өз міндеттері мен құқықтарын жетік меңгеріп, өз функцияларымен таныстырылуда. Байқаушылар жұмысының нәтижелі болуын қамтамасыз ету мақсатында семинарлар, қоғамдық рейдтер жүргізіліп отыр. Бірлестік жұмысының нәтижелерін жаңадан ашылған [email protected] сайтында жариялап отырамыз, - деді бірлестік төрайымы.