Қызылорда облысы ЕХРО-2017 қонақтарының 5 пайызын қабылдауы мүмкін
Халықаралық көрмеге 5 миллионнан астам қонақ келетінін ескерсек, бүгінгі болжам бойынша Қызылорда облысы оның 5 пайыздайын қабылдап қалуы мүмкін. Бұл туралы облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Тельман Сүлейменов мәлім етті.
ЕХРО-2017 қонақтарының аралайтын негізгі нысандары «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен Қорқыт ата мемориалды кешені болмақ. Осыған байланысты қазірде Байқоңыр ғарыш айлағында туристік қызмет көрсету бойынша бірлескен кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру мен шетелдіктердің айлаққа оңай кіруіне мүмкіндік беретін туристік ваучер құру мәселелері шешіліп жатыр.
Мұнан өзге, облыс орталығындағы тарихи ескерткіштер мен сәулет туындыларын, ескі қалаларды көргісі келетін жандар үшін 100 нөмірі бар бес жұлдызды қонақ үй пайдалануға беріледі. Жаңа мейманхананың есігі биыл ашылмақ.