Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қызылорда облысы ішкі істер органдары қылмыстар санының азая түсуіне қол жеткізді

ҚЫЗЫЛОРДА. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Дүйсенованың баяндауынша, ішкі істер органдары өткен жылы қоғамдағы тұрақтылық индикаторларының бірі болып табылатын ауыр қылмыстардың кемуіне қол жеткізген.

Қызылорда облысы ішкі істер органдары қылмыстар санының азая түсуіне қол жеткізді

Соның салдарынан алдыңғы жылы облыс көлемінде 348 ауыр қылмыс тіркелсе, былтыр ол 302 (-13,2%) болған. Сол сияқты тонау 145-тен 141-ге (2,8%), есірткіге қатысты қылмыс 55-тен 43-ке (21,8%), кісі өлімі 25-тен 17-ге (32,0%), мас күйінде жасалған қылмыстар 303-тен 299-ға (1,3%), бұзақылық 404 -тен 368-ге (8,9%), бопсалау 13-тен 11-ге (15,4%) азайған.

Көптеген қылмыстардың ашылу деңгейі көтеріліп, ұйымдасқан топтармен жасалған қылмыстардың, бопсалау оқиғаларының ашылуы 100 пайызға жеткен. Сондай-ақ тонау /145/, мас күйінде жасалған қылмыс /303/, алаяқтық /195/ сынды келеңсіз оқиғалар көлемі алдыңғы жылдардағы деңгейде қалған.