Қызылорда облысы қазынашылық департаментіне жаңа басшы тағайындалды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ҚР Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департаментінің басшысы ауысты.

Қызылорда облысы қазынашылық департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Департаментке жаңа басшы болып Әуезбек Дүйсенбаев тағайындалды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Дүйсенбаев Әуезбек Сейіткамалұлы 1962 жылы 12 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданында дүниеге келген. 1986 жылы Семей қаржы-экономикалық техникумын, 1992 жылы Қазақ Ұлттық Заң академиясын «юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Сырдария аудандық қаржы бөлімінде мемлекеттік кіріс экономисі болып бастаған. 1988-1991 жылдары Сырдария ауданында бас салық тексеруші-инспектор, 1991-1997 жылдар аралығында Сырдария ауданы мемлекеттік салық инспекциясы басшысының орынбасары қызметінде болған. 1997-1999 жылдары Қызылорда қаласы бойынша жанама салықтар бөлімінің,1999-2001 жылдары салық төлемгерлерімен жұмыс бөлімінің, әрі Қызылорда облысы бойынша Салық комитетінің заңды тұлғалармен жұмыс бөлімінің басшысы қызметін атқарған. 2001-2003 жылдары Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы, 2003 жылдың наурыз айынан ҚР Қаржы министрлігі, Салық комитетінің №1 аймақаралық Оңтүстік аймақ бойынша төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2003 жылдың қазан айынан бастап Қызылорда облысы Салық комитетінің ішкі жұмыстар бойынша басқарма басшысы болды. 2004 жылдың қаңтарынан бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысы Салық комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді.