Қызылорда облысы ҚР Конституциясының 15 жылдығын кеңінен атап өтуге дайындалып жатыр
ЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы ҚР Конституциясының 15 жылдығын кеңінен атап өтудің дайындық шараларын жүргізуде.
Облыс әкімдігінде өткен кезекті селекторлық мәжіліс осы мәселені талқылауға арналды. Оған облыстық мекемелер басшылары мен аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Қызылордада аталмыш мерекеге арналған басты шара-28 тамыз күні орталық алаңда өтеді. Шара барысында мұнда ақындар айтысы ұйымдастырылады. Ал 30 тамызда алаңдағы мерекелік шара жалғасын табады. Осы күні Астана қаласында өтетін әскери шеру тікелей эфир арқылы алаңдағы монитор арқылы көрсетілетін болады.