Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қызылорда облысы мен қаласының мерейтойлары аталып өтуде

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік - Бүгінгі күндері Сыр өңірінде Қызылорда облысының - 70, Қызылорда қаласының 190 жылдығына арналған мерейтойдың алғашқы іс-шаралары өтуде,

Қызылорда облысы мен қаласының мерейтойлары аталып өтуде

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
 
Аталмыш шара облыс орталығындағы Студенттер сарайында өткенжергілікті фотошеберлердің "Мезгіл мезетіндегі Қызылорда", қыл­қалам иелерінің "Сырдың сырлы бояулары" атты көрмесінен бастау алды. Осыдан кейін елімізге белгілі және жергілікті ғалымдардың қатысуымен "Сыр бойы - Түркі дүниесінің алтын бесігі" атты ғылыми-танымдық конференция өтті. Конференция барысында Ас­тана қаласындағы Л.Гуми­лев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Серік Негимов, филология ғылымдарының докторы, профессор Тынысбек Қоңыратбаев, "Астана" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Тәж-Мұрат, Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Темірхан Тебегенов, Ұлттық ғылым академиясының қызметкері Ақеділ Тойшанұлы, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік универ­ситетінің түркология ғылыми-зерттеу инсти­тутының аға ғылыми қызметкері Орынбай Бекжанов және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары тақырып төңірегінде өз ойларын ортаға салды.

Бүл күнгі шара қалалық жағажайда өткен "Алаштың Ақмешіті" атты дәстүрлі орындаушылардың фестивалімен қоры­тындыланды. Дәстүрлі орындау­шы­лар фестиваліне елімізге белгілі өнер иелері Қаршыға Ахмедияров, Баянғали Әлімжанов, Талғат Мұқышев, Айгүл Үлкенбаева, Сәуле Жанпейісова, Айгүл Қосановамен бірге белгілі жырау Алмас Алматов бастаған Сыр өңірі өнерпаздары қатысты.

Мерейтой шаралары апта бойына созылып, қыркүйектің 29-ы күні қорытындыланады.