Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қызылорда облысы республикада әлеуметтік салаға жұмсалған шығыс бойынша екінші орында - әкім Б. Қуандықовтың есептік кездесуі

АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықовтың тұрғындармен есеп беру кездесуі өтті.

Қызылорда облысы республикада әлеуметтік салаға жұмсалған шығыс бойынша екінші орында - әкім Б. Қуандықовтың есептік кездесуі

ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімовтың Facebook парақшасында хабарланғандай, кездеуде  облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары шығарылды және Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын іске асыру тұрғысынан 2012 жылдың міндеттері айқындалды.

2011 жылы Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 1 трлн-нан астам теңгенің өнімін өндірді. Ауыл шаруашылығында 44,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. 

Экономикалық өсімнің арқасында бюджеттің кіріс бөлігі 33,7 млрд. теңгеге (39 пайыз) ұлғайып, 121 млрд. теңгені құраған. Білім беруге жұмсалған қаражат 20 пайызға, денсаулық сақтауға жұмсалған қаражат 43 пайызға, тұрғын үй-құрылыс кешеніне жұмсалған қаражат шамамен 3 есеге, агроөнеркәсіптік кешен, су және орман шаруашылығына жұмсалған қаражат 1,5 млрд. теңгеге артқан. 

Қызылорда облысы халықтың жан басына шаққанда бюджет шығысының деңгейі бойынша республикада бесінші орын және әлеуметтік салаға жұмсалған шығыс деңгейі бойынша екінші орынға ие. 

Тұрғындармен есеп беру кездесуі барысында Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов 2012 жылға арналған міндеттерді айқындады.  «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыру бірінші кезектегі міндет болып табылады.

Оған қоса, облыстың алдында қолжетімді баспана, балабақша салу, Индустрияландыру картасы мен Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасының жобаларын жүзеге асыру міндеттері тұрғанын айтты.

Бұлармен қоса, әкім кәсіпкерлерді қолдау, ТКШ саласын жаңғырту, елді мекендерді абаттандыру, ауыл шаруашылығын дамыту, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етумен қатар балық шаруашылығы мен АӨК, денсаулық сақтау және білім саласы жөніндегі жоспарларға ерекше тоқталды.

Қосымша ақпарат www.pm.kz сайтында.