Қызылорда облысы спорт басқармасының басшысы Моңғол елінің «Алтын ордені» медалімен марапатталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Моңғолия елдері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуда, қазақ халқының ұлттық спорт түрлерін насихаттауда екі мемлекет спортшылары дүбірлі додаларда белсенділік танытып келеді. Осы орайда, Моңолия елінің олимпиадалық спорт комитетінің шешімімен аймақта ұлттық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев Моңғолия елінің «Алтын ордені» медалімен марапатталды.
None
None

Садық Шоңмұрынұлы 10 жылдан бері Сыр спорты саласында тынымсыз еңбек етіп, көп белестерден өтіп, өңір спортын дамытуға атсалысып келеді.

Соңғы жаңалықтар