13:18, 30 Қараша 2009 | GMT +5
Қызылорда облысында 10 айда жол ережесін бұзушылардың 113 мың 841 дерегі анықталды
ҚЫЗЫЛОРДА. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасы биылғы 10 айда көлік құралдары қозғалысына бақылау жүргізу барысында жол ережесін бұзушылардың 113 мың 841 дерегін анықтады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтқанда, масаң күйде көлік басқарушылар - 1373, жылдамдықты арттырғандар - 20 780, қауіпсіздік белбеуін тақпағандар - 9740 және темір жол өткелі ережесін бұзушылар - 389. Анықталған жол ережесін бұзушылық деректері бойынша 75 мың 546 жүргізушіге 425 млн. 620 мың 977 теңге айыппұл салынды. Оның 318 млн. 790 мың 112 теңгесі мемлекетке өндірілді.