Қызылорда облысында 2 978 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

ҚЫЗЫЛОРДА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысының құқық қорғау органдары былтырғы жылы қылмыс жасаған 2978 адамды құрықтады.
None
None

Облыстық статистика департаментінде тіркелген бұл деректер оның алдындағы 2009 жылдың қаңтар-желтоқсанына қарағанда қылмыстың 4,8 пайызға артып кеткенін байқатады. Ал қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдар саны 1 894 болған. Бұл мөлшер - 2009 жылғы тиісті кезеңнен 2,7 пайызға аз. Қылмысы әшкереленген адамдардың 13,7 пайызын әйелдер құраса, мемлекеттік қызмет атқарушылар үлесіне 2,8 пайыз тиеді. Бұлардың алдыңғысы бұрнағы жылдан сәл кеміген болса, келесісі керісінше көбейген. Сол сияқты бұрын қылмыс жасаған адамдардың үлес салмағы 5,0 пайызға толып, алдындағы жылдан (4,7) шамалы артқан.

Облыс бойынша орташа алғанда, әрбір жетінші қылмыскер қылмысты мас күйінде, әрбір төртінші адам топ құрамында жасаған. Қылмыс үстінде қолға түскен адамдардың ең көп бөлігін жұмыссыздар құрайды. Ол - 73,8 пайызға тең. Бұл көрсеткіш 2009 жылғы қаңтар-желтоқсан айлары аралығында 76,6 пайыз болған еді.

Соңғы жаңалықтар