15:33, 21 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Қызылорда облысында 370 өлең, 2 поэманы жатқа айтатын жасөспірім тұрады
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Биыл 11-13 қыркүйек аралығында Семей қаласында XVІІІ Республикалық «Абай және Шәкәрім» оқулары өткізілді. Оған Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Төретам кентіндегі №80 мектеп-гимназияның 6-сынып оқушысы Жантанова Ақерке 370 өлең, 2 поэма жаттап, қатысты, - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
Ол байқауға қатысушылардың ішіндегі ең жасы және республика бойынша Абай шығармаларын жаттаудан екінші орын иеленді.
Оқушыны баптап, байқауға қосқан - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жүнісова Мақпал Мергенбайқызы XVІІІ Республикалық «Абай және Шәкәрім» оқуларында «Сөз зергері» номинациясымен марапатталды.